2021 жылдың 19 ақпаны күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасында «Отан сенен басталады» клубының мүшелері арасында шашки ойынынан өзара клубаралық жарысы өтті. Бұл жарыстың басты мақсаты биылғы жылдағы осы клуб құрамының жаңартылуына байланысты клуб мүшелерінің ұйымшылдығын нығайту, өзара бәсекелестікке дайындау, шашки ойыны арқылы клуб мүшелерінің қабілеттерімен танысу. Тартысты отырыстың нәтижесі қорытындылана келе, жарысқа қатысушыларының арасында 1 орынға Талғат Нұрлан, 2 орынға Нурлыбаев Асылжан, 3 орындарға Кенжебек Қанат және Шукирбаева Жибек ие болып, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Іс-шара кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланды.