2021 жылдың 25 ақпанында 2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған мәнерлеп оқу іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері аталмыш акцияның тарихына, сонымен қатар бұл акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуы айтылды. Мәнерлеп оқу барысында белсенді оқырмандар Шарапатова Эльмира, Жазыбекова Индира, Түрғанбеков Ерсұлтан және Жумагалиев Нурбол биылғы жылдың туындыларынан үзінділер мәнерлеп оқыды.
Акция аясында оқылатын кітаптар үлкендерге деген құрмет, сөз тыңдау, ата дәстүріне деген құрмет, рух, жан тазалығына, шынайы қасиеттерге деген сүйіспеншілік сияқты дәстүрлерге мән беріп, оқырмандардың жүрегінен өз орнын табатынын мақсат етті.