Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында орталық кітапхананың оқу залында ШТК студенттеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс – шара барасында қонақтарға дастархан жайылып, тәтті бауырсақтар ұсынылып, ұлттық ойындар ойнатылды.
Наурыз, керемет мезгіл – көктем туралы өлеңдер, табиғат құбылыстарын жасырған наурыз жұмбақтар, дәстүрлі «Асық» пен «Қол күрестіру», «Тоғызқұмалақ» ойындары ойнатылып, қатысушыларды байырғы қазақ даласына сапар шеккендей әсерде қалдырды. Наурыз мейрамын көнеден ата-бабамыздың дәстүрі бойынша қалай атап өткендігі жайында көптеген мәлімет беріліп, Наурыздың қазіргі таңда қалай атап өтіліп жүргендігін естеріне түсірді. Мерекелік кеш жүргізушілердің құттықтау, марапаттау сөздерімен мәресіне жетіп, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты.
Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Начало», «Праздник Наурыз», «Наурыз коже», «Асык», «Ұлттық ойындар», «Наурыз – Роза Рымбаева».
Іс-шараға сәйкес «Наурыз – көктем мен молшылық мерекесі» атты шолу безендірілді.