2021 жылдың 19 наурызы күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында орталық кітапхананың оқу залында «Отан сенен басталады» патриоттық клубының мүшелері арасында тоғызқұмалдақтан өзара достық жарысы өтті.
Жарыс клуб жетекшісінің мейраммен құттықтауымен басталып, мадақтау сөздерімен мәресіне жетті, келген қатысушылар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты.
Ойын нәтижесінде қатысушылар ұлттық ойынның өз дәрежесінде екендігін тағы бір мәрте хабардар етіп, дәлелдей түсті.