2021 жылдың 24 наурызында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында орталық кітапханасының оқу залының қызметкерлері мен 6505 Әскери бөлімімен бірлесіп әскери қызметтерін өтеп жүрген сарбаздарына арналған викториналық сұрақтар сайысы өтті. Іс – шара барасында сарбаздар мен әскери қызметкерлерге арналып «Наурыз – көктем мен молшылық мерекесі» атты шолу безендірілді.
Наурыз, керемет мезгіл – көктем туралы өлеңдер, табиғат құбылыстарын жасырған наурыз жұмбақтар, дәстүрге байланысты сұрақ қою арқылы сайыстырылып, қатысушыларды байырғы қазақ даласына сапар шеккендей әсерде қалдырды. Наурыз мейрамын көнеден ата-бабамыздың дәстүрі бойынша қалай атап өткендігі жайында көптеген мәлімет беріліп, Наурыздың қазіргі таңда қалай атап өтіліп жүргендігін естеріне түсірді. Викториналық сұрақтар сайыс жүргізушілердің құттықтау және марапаттау сөздерімен мәресіне жетіп, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты.
Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Начало», «Праздник Наурыз», «Наурыз коже», «Асык», «Ұлттық ойындар», «Наурыз – Роза Рымбаева».