Оқырмандарды өздерінің мекен еткен аймағымыздың дара тұлғасы, зейнеткер, жазушы – Жүкенов Төлеутай Камкенұлының өмір жолы, шығармашылық өрлеуімен және кітаптарымен кеңінен таныстыру , сондай-ақ, Шахтинск қаламыздың биылғы жылы ресми түрде 60 жылдығы тойлануына орай еңбек еткен тұлғаларды мақтан ету мақсатында 2021 жылдың 28 наурызында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залының қызметкерлері жергілікті зейнеткер жазушы Жүкенов Төлеутай Камкенұлы жазушымен кездесу сұхбаты өтті.
Іс – шара барасында жазушының кітаптары және күнделіктерімен танысып, жалпы болашақ жастарға айтары мен берері мол сырлы сұхбат болды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Адалдық алаңы» бойынша кітапханамызда ашылған «Парасат жолы» орталығы турасында өзінің өткір ойын жеткізе айтып өтті.
Жазушы сөздерінен өміршең қызыққа толы мәліметтер естіп, еңбек жолына байланысты сұрақ қою арқылы танысып, оқырмандарды сол сәттерге біраз саяхат шеккендей әсер қалдырды. Жазушы ата-анасы, отбасы, ұрпақтары жайлы кеңінен айтып өтті. Шыққан кітаптары туралы да көптеген мәлімет бере кетті. Кездесу соңында оқырмандарды кітап оқуға, қала күніне орай және кітапханамыздың 45 жыл толуына орай жүрекжарды лебізді тілектерін жолдады.