N13 балалар кітапханасының филиалдың кітапханашысы әлеуметтік желілерде «Чарли және шоколад фабрикасы» буктрейлерін ұсынды. Мистер Уилли Уоңка – ерекше дәмді шоколад жасайтын кондитер. Ал Чарли кім дейсің ғой!? Чарли Бакет – Ержүрек кейіпкер. Бұл кітапта Чарлиден өзге төрт бала бар. Олар Алтын Билет ұтып алып, Үилли Уоңканың шоколад фабрикасына келеді! Фабрикада таңғажайып оқиғаларға тап болады. "Чарли және шоколад фабрикасын» дүниедегі ең тәтті туынды. Бұл – қазақ тілінде алғаш рет Даһл әулетінің және атақты иллюстратор Күентин Блэйктің ресми рұқсатымен шығып жатқан басылым. Әр тәтті үміт орындалады, өмірдегі әр қара жолақ жоғалады.
Тек мейрімді, қанағатты, әдепті, басқаның ала жібін аттамай адал өмір сүрсең алдыңда кездесер жарығың мол дегенді бұл ертегі жақсы ұқтырады.