Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Қазақ халқының салт-дәстүрлері


    Құрметті оқырман! Сіздердің назарларыңызға Сейіт Кенжеахметұлының "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабын ұсынамыз. Қазақтың ұлттық тәрбиесiнiң алтын қазығы – оның салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы. Осы бай мұраны зерттеген белгiлi жазушы, этнограф-педагог Сейiт Кенжеахметұлының жазған еңбектерi баға жетпес бай қазына. Ел есiнен шығып бара жатқан “бел көтерер”, “немеурiн”, “құттық”, “қыз алар”, “ақтай жоқтау”, “шүлен тарату”, “биеқысырамас”, “қасқа жазасы” тағы да көптеген әдет-ғұрыптың 350 түрiн тауып, жүйелеп көрсеткен бұл жинақты анықтамалық десек те болады. Ғылыми-танымдық, көркемдiк-тәрбиелiк жағынан ұтымды әрi тартымды жазылған бұл еңбек қазақтың мәдениетi мен мiнезiн, тұрмысы мен салт-дәстүрінің ерекшелiктерiн даралап көрсетеді.

     

    Кітап 7 бөлімнен тұрады:

    1. Отау көтеру;

    2. Тәрбие дәстүрлері;

    3. Отбасы, тұрмыс дәстүрлері;

    4. Еңбек дәстүрлері;

    5. Наурыз дәстүрлері;

    6. Ислам тағылымдары;

    7. Қаза ғұрыптары.

    Басылым үш тілде жарық көріп, алыс-жақын шетелдерге "қазақ" атын паш етіп келеді. Әр қазақстандық автордың осы құнды еңбектерін көзінің қарашығындай сақтап, мақтан тұтып, рухани азығы, ел байлығын құрайтын дүние ретінде бағаласа дейміз!


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida