Шахтинск қаласы №12 балалар кітапхана-филиалы ұлттық құндылықтар «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» Флешбугын назарларыңызға ұсынады. Ұйымдастырушы: «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы»КММ.Қазақтың ұлттық тәрбиесiнiң алтын қазығы – оның салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы. Осы бай мұраны зерттеген белгiлi жазушы, этнограф-педагог Сейiт Кенжеахметұлының жазған еңбектерi баға жетпес бай қазына,тағы да көптеген әдет-ғұрыптың 350 түрiн тауып, жүйелеп көрсеткен бұл жинақты анықтамалық десек те болады.
Ғылыми-танымдық, көркемдiк-тәрбиелiк жағынан ұтымды әрi тартымды жазылған бұл еңбек қазақтың мәдениетi мен мiнезiн, тұрмысы мен салт-дәстүрінің ерекшелiктерiн даралап көрсетеді.Құрметті оқырмандар! Осы кітаптағы 10 салт дәстүрге тоқтала кетсек; «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабын ұлттық мереке, тәрбиелік сағат, көрме т.б іс-шараларда жиі қолданамыз.