2021 жылдың 10 маусымы күні «Парасат жолы» аясында орталық қалалық кітапханасының оқу залының қызметкері кітапханамыздың тұрақты оқырманы, қазіргі таңға дейін өзге ұлттың балаларына қазақ тілін үйретуде үлкен жұмыс жасап жүрген қазақ тілі пәнінің зейнеткер ұстаз, ардагер ұстазымыз Жунусова Назипа Есимовна апайымыздың өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, қала үшін өзінше ерекше тұлға екендігін таныту, оқырмандарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу мақсатында зейнеткер ұстазбен сұхбат өтті.
Іс-шара негізінде ұстаздың туып өскен ортасы, ата - анасы, оқыған мектебі, оқу орны, шәкірттерінің жеткен жетістіктеріне, ұстаз болып қалыптасуына қандай себеп болғандығы, алғашқы еңбек жолынан қазіргі таңдағы қызметі, сонымен қатар сол кездегі оқушылармен қазіргі оқушылардың айырмашылқтарына тоқталып, армандары жайлы және де еңбек еткен тұрғылықты мекені Шахтинск қаласына деген ізгі тілектерін жолдап, салиқалы сұхбат жүргізілді.