Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Түлкі мен қасқырдың достығы» қазақ ертегісін дауыстап оқу


    Біздің кітапхана инциаторы «Шахтинск ОКЖ» КММ болып табылатын жыл сайын өтетін «Оқу уақыты» акциясын қабылдап,  осы бейне онлайн оқуға осы жылы қазақ халқының хайуанаттар туралы «Түлкі мен қасқырдың достығы» ертегісін таңдап алдық.

     

    Алдымен оны өткізу үшін кітапханамыздың оқу залын қазақы бояулармен әспеттедік. Яғни артқы фонға тұскиіздер ілініп, қатысушыларымыз барынша қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ертегідегі өз рөлдерін беріле оқып, іс-шараны жақсы аяқтауға белсене атсалысты.

     

     

    Ол іс-шараға Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 6«д» сынып оқушысы Маратбекқызы Фарида, 3 «а» сынып оқушылары Мұратбекұлы Ибраһим мен Маратбекұлы Махмуд, сондай-ақ №5 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Еркінұлы Нұрдәулеттер қатысты. Олар ертегіні рөлдерге бөліп оқыды. Ертегіні оқу барысы қызықты, әрі тартысты, жақсы эмоцияларға толы болғандықтан, қуанышты көңіл-күйде өтті. Өздері де жақсы әсер алып, сонымен бірге кітапханамызды аралап, әртүрлі журналдармен, кітаптармен танысып, өздерімен бірге оқуға кітаптар ала кетті.

    Сондай-ақ бұл  оқуымызды бейне жазба арқылы «Еркетай» балабақшасына жібердік. Онда «Қарлығаш» тобының балалары тамашалап, қызығушылықтары әсерінен тәрбиешілеріне қаншама сұрақтар жаудыртты. Олар Мысалы; Қасқыр неге алданады?, Түлкі екеуі қалайша дос болды? , Сонымен қойды да, атты да жей алмай қалды ма? Ат шұңқырдан қалай шықты? сияқты сұрақтар қойды.

    Осылайша қаншама кішкентай оқырмандарымыздың бейне онлайн оқуымыз арқылы қазақ ертегілеріне деген қызығушылықтарын арттырдық. Іс-шарамыз сәтті өтті. 

    Сіздер қазақ халық ертегілерін «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының келесі электрондық ресурстарынан тегін жүктей аласыздар.

    http://www.ertegi.ru/

    https://shahtinsklib.kz/ru/Aktsiya-Vremya-chitat-2021

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida