Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Ақылды оқырмандар» Кітапханалық сабақ


    28 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханада №9 ЖББМ оқушылары арасында кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық  білімдерін әрі  қарай  толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау  және  кітап  оқуға  деген қызығушылықтарын  ояту, жазушылар жайлы кеңірек мағлұмат білуге ықпал ету мақсатында жоспарға сәйкес кітапханалық сабақтың кезекті ойын сабағы өтті. 

     

     

    Іс-шара барысында кітапхана қызметкері  бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу керектігін, жас  ұрпақ білімді кітаптан алатынын, кітапхана - білімнің ордасы, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық және кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос болатынын баса айтты.

    Сайыс сабақ болғандықтан кім кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды.

    Іс - шара барысында  сұрақтар қойылып, мақалдар толықтырылды, кезеңдерден құралған ойын қызықты орын алды. Оқушылар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысып отырды.

     

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida