Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Библиографиялық іздеу. Каталог және электронды каталог түрлерімен таныстыру» кітапханалық сабақ


    2021 жылдың 29 қыркүйегінде Шахтинск №9 ЖББМ 9 «А» сынып оқушыларымен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында библиографиялық іздеу, каталог және электронды каталог түрлерімен таныстыру мақсатында кітапханалық сабақ өтті. Сабақ басында студенттер өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары барын көрсете білді. Содан кейін кітапханашылар студенттерді "Шахтинск ОКЖ" сайтымен таныстырып өтті. Бұл сайтта жаңа әдебиеттер, кітаптарды online оқу, виртуалды анықтама, кітаптарды онлайн ұзарту, құжаттарды электронды жеткізу және т. б. қызметтері бар екені айтылды.

     

    Ары қарай  оқушыларға каталог, оның түрлері және электронды Web РАБИС бағдарламасы туралы мағлұмат берілді.  Сол бойынша оқушылар әр-түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.

    Кеште әр түрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Кітаптар», «Е- каталог», «Электронды каталог», «Өлкетану каталогы» және т.б.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida