Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Біздің тағдырымыз – Қазақстан, біздің үйіміз – ол біздің Отанымыз» интелектулды ойын


    9 қараша күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы Шахтинск қаласының №9 ЖББМ 9 «А», «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан «Парасат жолы» «Адалдық алаңы» жобасы аясында Бүкіләлемдік жастар күніне орай интелектуалдық ойынын өткізді.

    Ойынның мақсаты – жастар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

     

    Жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі. Бүгінде 15 пен 24 жас аралығындағы адамдар планета тұрғындарының бестен бірін құрайды екен. 

     

     

     

     

     

    Жастар күні мен Дүниежүзілік бағдарламаның негізгі мақсаты – мемлекет пен Үкіметтің назарын жастарға аудару, олар құртушы емес, жаңаша пікір білдіріп, жаңаша заман құрушылары екендігіне көздерін жеткізу. Сонымен қатар, бағдарлама шешуін таппай келе жатқан мемлекеттік мәселелерге жастарды араластырып, бірлесе шешуге шақырады.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida