Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Елдің өндірістік жүрегі» шығармашылық ойын сабағы


    12 қараша күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы Шахтинск қаласының №9 ЖББМ 8 «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы күніне орай шығармашылық ойын сабағын өткізді.

     

    Ойынның мақсаты оқушыларға еліміздің экономикасы, ұлттық валютасы, оның шығу тарихы туралы мағлұмат беру арқылы білімдерін жетілдіру. Күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ықпал ету, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

     

     

     

     

    Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялаған соң еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуда жұмыстар жасай бастады. Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі — оның ұлттық валютасы болып табылады. Сондықтан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кірісті.

    Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida