Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Р.Д. Лукинді еске алу» атты шахмат ойынынан турнир


    2021 жылдың 26 қарашасы күнi Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Шахтинск қаласының еңбек сіңірген тұлғасы Р.Д.Лукинді еске алуға арналған шахматтан жасөспiрiмдер арасында турнир өттi.


    Турнир ұйымдастырушысы ретінде кітапхана тарапынан Р. Д. Лукинге және шахмат ойынына байланысты көрме ұйымдастырылды, көрмеде атақты математик әрi шахматшының портреті, ойнаған шахматы, сонымен қоса оның жеке шахмат сағаты және авторлық оқу құралы қойылды.

     

     

     

     

     

     

     

    Оқу залында өткен турнир барысында ең алдымен кітапханашылар тұлға жайында мәлімет бере отырып, кейiн осы турнирдiң өтуiне тiкелей сараптау жүргiзетiн әдiлқазылар мүшелері С.Ж.Турспеков, Н.Ф.Примаков және Р.К.Салкинбаевтарды қатысушыларға таныстырып өтті.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Ойын әдiлқазылар тарапынан ойын ережелерінің тусiндiрiлуiмен басталып, марапаттау сөздерімен мәресіне жеттi.

     

     

     

     

    Ойын нәтижесiнiң қорытынды кезеңiнде жеңiмпаздыққа ұмтылған екі ойыншы Р.Д.Лукиннiң шахматымен ойынды әдемi қорытындылады. Нәтижесiнде I орынды Сериков Диас, 2 орынды Айдарбеков Арон, 3 орынды Талғат Нұрлан иеленiп, марапаттау қағаздарымен және Шахтинск қаласының 60 жылдығына арналып кітапхананың атынан жарық көрген «Сүйiктi қалам Шахтинск» атты иллюстрациялық 3D форматындағы кiтабы табысталды, басқа барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida