№1 кітапхана-филиалында №7 мектептің 1Б сынып оқушыларымен «Кітап – сенің ең жақын досың» атты кітапханалық сабақ өтті.
Кітапханашы балалармен кітаппен жұмыс істеу ережелерін және кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелерін бекітті, жаңа кітаптармен, панорамалық кітаптармен, 4D кітаптармен танысты.
Балалар үлкен қызығушылықпен кітаптарға қарап, суреттері жанданатын кітаптарға ынтамен қарады. Қорытындылай келе «Сен ертегі білесің бе?» атты ертегі викторинасы өткізілді.