13 мамыр күні №2 ЖББМ 2 «Б» және 2 «В» сынып оқушылары үшін Шахан кентінің отбасылық оқу моделдік кітапханасында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған «Мақтаныш пен ұлылық рәміздері» атты ақпараттық-танымдық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету.
Іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Содан кейін балалар мыңдаған жылдар бұрын мемлекеттердің рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран қалай пайда болғандығы туралы ертегіні тыңдады. Оқушыларға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы туралы айтылды. Біздің елімізге және мемлекет рәміздеріне арналған өлеңдер оқылды. Балалар «Тәуелсіздік Рәміздері» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Соңында балаларды Қазақстанның рәміздері туралы айтылатын кітаптармен таныстырды.