Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Қарулы Күштер – ел қорғаны» патриоттық ойын сағат


    2022 жылдың 17 мамыр күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері «Отан сенен басталады» атты клуб мүшелерімен биылғы жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғынына 30 жыл толуына орай патриоттық ойын сағатын өткізді. 

     

     

     

    Іс-шара барысы жасөспірімдердің назарларына тақырыпты анықтау барысында ребус ұсынылды, дұрыс тапқан топ басым ұпаймен бірінші болып бастады, одан әрі қатысушы топтарға осы мереке туралы мәлімет хабардар етті.

    Аталған іс-шара сұрақ-жауап, жарыс және басқа да қызықты кезеңдерден:

    1. «Кім білгір» сайысы

    2. «Ең епті сапер» сайысы

    3. «Үздік барлаушы» сайысы

    4. «Командирлер» сайысы

    5. «Әскери аспаз» сайысы

    6. «Әскер әншілері» сайысынан тұрды.

    Одан кейін әскери комиссариаттан шақырту (повестка) келді деген қызықты ситуациядық жағдаяттан басталды. «Ел қорғаны», «Ер аманаты» топтарының қайсысы үздік шықса, сол топ әскер қатарына, Отан қорғауға да дайын деген тұжырымға келу мақсатында анықтау болды.

    1. «Кім білгір» сайысында 2 конвертті 2 топ таңдай отыра 10 сұрақтан 20 сұрақтарға жауап тыңдалды.

    2. «Ең епті сапер» сайысында екі командадан бір-бір сапер шығып, шарды үрлейді, кімнің шары жарып алмай ең үлкен болып үрленеді соған жоғары балл қойылды.

     

     

    3.«Үздік барлаушы» сайысында тақтаға әскери терминдердің әріптері адасып кеткен сөздер жазылған, соны барлаушылар дұрыстап, түзу етіп жөндеп іздеп табуы керек болатын.

     

    4. «Командирлер» сайысында ұпайы басым топ бірінші болып бастап, сұрақ- жауапқа тез әрі шапшаң жауап беруі тиіс (әр командирге төрт сұрақтан).

    5. «Әскери аспаз» сайысында екі командадан бір-бірден сайыскер шығып, картоптың қабығын жіңішке етіп аршып, берілген уақытта тазалап бітірулері керек.

     

    6. «Әскер әншілері» сайысында әр топтан бір әскери патриоттық ән орындалуы тиіс және орындайтын әннің ішінде «сарбаз», «Отан», «Атамекен» сөздері бар болуы керек.

     

    Іс-шара өте қызықты да, тартысты, көңілді өтті. Патриоттық ойын сағаты соңында белсенділік танытып 1 орынға 165 ұпай басымдылығымен «Ел қорғаны» тобы, ал 105 ұпаймен «Ер аманаты» тобы 2 орынды иеленді. Орын алған қатысушылар марапаттау қағаздарымен марапатталды. Қатысушы клуб мүшелері жағымды әсермен тарасты.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida