Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Кітапханадағы табиғат күні


    26 мамыр Шахан кентінің отбасылық оқу моделді кітапханасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Кітапханадағы табиғат күні» ақпарат күні өтті. Іс-шараға «Березка» балабақшасының дайындық тобының тәрбиеленушілері шақырылды. Кітапханашылар балаларды табиғат және жануарлар туралы түрлі кітаптармен таныстырды. Балалар жұмбақтар шешіп, ертегілерді тыңдап, ойындар ойнады. Балаларға арналған викториналар «Маша және Аю» ертегісінен Маша және орманның тұрғыны Жезтырнақ өткізді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Ақпарат күні бойы кішкентай оқырмандарды «Ғажайып планетасы = Планета чудес» және «Балаларға жануарлар туралы = Для детей про зверят» әдебиеттерімен және «Үлкен табиғаттағы кішкентай ғажайыптар = Маленькие чудеса большой планеты» кітап көрмесімен таныстырды. Кітапханашылар барлық балаларға планетамызды сақтауға және қорғауға тілек білдірді.


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida