11 маусым күні Шахан кентінің отбасылық оқу моделді кітапханасында жас оқырмандарүшін «Жер бетінде Ертегіжүрген» атты әдеби ойын өткізілді. «Сиқыршылар» және «Әңгімешілер» командалары «Ертегі каруселі», «Шатасқан ертегі», «Кәне тауып көр», «Ертегі Юморина», «Бір минут» викториналарына, «Ертегілерді білесің бе?» конкурстарына қатысты және Жезтырнақтан алған хатты тауап оқиды. Екі команда да бірдей ұпай жинады, ертегілерді жақсы білді, тапқырлық көрсетті. Балаларға жазғы демалыста кітаппен өткізуге және «Кітаппен жаз көңілді» оқу марафонына қатысуға тілек берілді.