3 шілде Шахан кентінің отбасылық оқудың моделді кітапханасында Астана күніне арналған «Ғажайып Нұр-Сұлтан қаласы» ойын-викторинасы өтті. Жас оқырмандарға қаланың тарихы, сондай-ақ оның заманауи көрікті жерлері туралы айтылды. Балалар Қазақстанның бас қаласы туралы көптеген қызықты деректерді білді. «Nur-Sultan. Нұр-Сұлтан» атты бейнеролик балаларға қала көшелеріне online-экскурсия жасауға көмектесті. Содан кейін балалар «Біздің сүйікті Астанамыз» білгірлер байқауына қатысып, өз білімдері мен эрудицияларын көрсетті. Іс-шараға қатысушылар «Нұр-Сұлтан – болашаққа терезелері бар қала» интерактивті тест-викторинасының сұрақтарын сәтті орындап, кітапханада бар қала туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік беретін әдебиетпен танысты. Балалар ойынға қатысқандары үшін алғыстарын білдіріп, біздің тамаша астанамызға міндетті түрде баруларын тіледі.