7 шілде күні жазғы оқу залы аясында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залының кітапханашылары жазғы оқуды насихаттау мақсатында қалалық саябақта "Жаздың кітап көңілі" атты әдеби викторинаны өткізді.
Іс-шара барысында оқырмандар сұрақтарға жауап беріп, танымал авторлардың шығармаларын еске алды, сондай-ақ әлем әдебиеті кітаптарындағы қызықты фактілермен танысты.
Әдеби викторина аяқталғаннан кейін демалушылар жазғы оқу залы ұсынған әдебиеттерді үлкен қызығушылықпен таңдады.