14 шілде күні Шахан кентінің отбасылық оқудың моделді кітапханасы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ата-аналар мен балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сөйлеу мәдениетінің деңгейін, кітапқа деген сүйіспеншілік пен ұқыптылықты тәрбиелеу мақсатында «Оқырман отбасында дүниеге келеді» атты кеңес сағатын ұсынды. Отбасылық оқу өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің тиімді тәсілі. Бұл сөздік қорын толықтыруға көмектеседі, пікір алмасуға негіз жасайды. Отбасылық оқу балаларға ғана емес, ересектерге де пайдалы. Бұл жарқын ақыл мен айқын есті сақтауға көмектеседі. Бейнеролик түрінде ұсынылған іс-шара өзінің мазмұны мен аға және кіші буын оқырмандарын әдеби шығармаларды оқуға баулиды. Кітапханашы отбасылық оқудың маңыздылығы туралы ақпараттандырады, оқырмандарды қызықтыратын, әдебиетке деген сүйіспеншіліктің көпірі болатын бос уақыт үшін кітаптар ұсынады.