5 тамызда Шахан кентінің отбасылық оқудың үлгілі кітапханасы әлеуметтік желілерде «Қазақстан жазушылары – балаларға» медиа-шолуын өткізді. Іс-шараның мақсаты жас оқырмандарды қазақстандық авторлардың жаңа әдебиеттерімен таныстыру болды. Медиа-шолу барысында орта және үлкен жастағы балаларға Ю.Серебрянскийдің «Казахстанские сказки - Қазақстандық ертегілер», З. Ахметова «Светлые дни», Т. Томасов «В солнечном городе» және т. б. шығармалары ұсынылды. Балаларға кейіпкерлерімен бірге туған жеріне саяхат жасау, қызықты адамдармен танысу, құрдастарының өмірі мен істері туралы білу үшін ұсынылған кітаптарды міндетті түрде оқуға тілек білдірді.