Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Жауапкершілік пен борыш туралы әңгімелесу» кездесу сұхбат


    2022 жылдың 20 қыркүйегі күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің Келісім шарт бойынша әскери қабылдау жөніндегі инспекторы, қазіргі таңға дейін сол мекеменің беделді қызметкері болып үлкен жұмыс жасап жүрген, қазіргі таңда қаланың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген тұлға Ракишева Ботагоз Аманжоловна және №9 ЖББМ 10-сынып оқушыларымен кездесу сұхбатын өткізді.  

    Іс-шараның мақсаты – әскери қызмет және оның қыр-сырын, оған деген жасөспірім түсінігін қалыптастыру, қазіргі ұрпаққа намыс, борыш, адамгершілік мен жауапкершілік ұғымдарын кеңінен насизаттап түсіндірілу болды. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қоғамдағы көрініс тапқан өзекті мәселе әскери борышын өтемеу проблемалары, өтеу жолдары, 40 күндік әскери борышын өтеу және одан өзге ар-ождан, борыш, жауапкершілік түсініктері турасында жасөспірім буынмен ашық сұхбат болып, толықтай түсіндіріліп айтып берілетін тақырыптар еркін талқыланды.

    Іс-шараға кітапхана оқырмандары болып саналатын жоғарғы сынып оқушылары кездесу сұхбатының қонағына өздерінің көкейлерінде жүрген қызықтырған сұрақтарын қойып жауап алып, ойларымен барынша емін-еркін бөлісе алды.

     

         

         

         


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida