2022 жылдың 28 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері Шахтинск технологиялық колледжінің ЧС-21 тобы студенттерімен көрнекті қайраткер, Қазақстан журналистерінің бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ғажайып қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай әдеби портреті өтті.
Іс-шараның мақсаты - ақынның шығармаларына кітап арқылы саяхаттау, оқушылардың қызығушылығын арттыру, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау, оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру, қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру, ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары арасынан оқытушылар, кітапсүйер қауым қатысып, өз сұрақтары мен ойларымен барынша емін-еркін бөлісе алды.