3 қараша Шахтинск қ. Бұқар Жырау атындағы Орталық кітапхананың оқу залының кітапханашысы «Сайт қызметтері online» тақырыбында Online библиосабақ дайындады. Кітапханашы кітапхана сайтының жұмысы, Шахтинск қаласының кітапхана жүйесі ұсынатын ресурстар мен қызметтер туралы айтып берді, яғни «Библиографтан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі және құжаттарды электронды жеткізу қалай жұмыс істейді; онлайн сервистің көмегімен кітапты қалай ұзартуға болады деген хабарлама жасады.