Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    Кездесу «Жақсылық жасайтын адамдар»


    13 желтоқсанда Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залының қызметкері Дүниежүзілік еріктілер күніне (5 желтоқсан) арналған «Жақсылық жасайтын адамдар» атты Шахтинск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

    Оқу залының кітапханашысы волонтерлік және оның дамуы туралы айтып, Қазақстанда және қаламызда кең таралған волонтерлік қызмет қозғалыстарына назар аударды. Кездесуге қатысушылармен бірге қазіргі еріктінің бойындағы қасиеттер және олардың жеңіл емес еңбегі туралы талқыланды.

    Іс-шара соңында кітапханашы біздің өңірдің және жалпы елдің еріктілік қызметі туралы ақпараттық роликті енгізді. Балалар еріктілік туралы өз идеялары мен игі істері туралы белсенді әңгімеледі. Кездесуге мектеп базасындағы еріктілер бірлестігінің өкілі қатысып, еріктілер қандай қиын жұмыс атқаратынын айтып берді.

     

                                                           

         

                                                        


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida