15 желтоқсан күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасының оқу залының қызметкері 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Шахтинск технологиялық колледжі студенттерімен тақырыптық сағатын өткізді.
Іс-шара мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.