3 ақпан күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасың оқу залының кітапханашысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүйесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша «Парасат жолы» аясында Ә.Бөкейханов атындағы №16 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларымен ақпараттық сағатын өткізді.
Кітапханашы бұл жұмыс саласы бүгінгі қоғамдағы басымдықтардың бірі және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты жолы – ашықтық пен жариялылық екенін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіреді. Сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасалу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажеттігін, әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс-әрекеттері үшін жауапты емес, сондай-ақ тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты. Сонымен қатар, мемлекет жұмыс жасауға лайықты еңбек жағдайларын жасағанда, мемлекеттік қызметшілерден заңнаманы қатаң сақтауды талап етуге құқылы.
Ақпараттық сағаты барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері талқыланды. Аталмыш іс-шарада кітапханашы осы ірі тұлға жайында нақты әрі толығырақ ақпаратты көрсетілген видео және берілген мәліметтер арқылы берді.