№12 балалар кітапхана-филиалы «Бүкіл отбасымызбен оқимыз» атты онлайн шолуды назарларыңызға ұсынады. 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды. Желідегі шолу Төлен Әбдіктің «Әке», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Оң қол», «Парасат майданы», «Ақиқат», «Қайырсыз жұма» атты әңгімелеріне арналады. «Война умов» кітабында орыс тіліндегі тұңғыш кітабы. Оған «Әкемен қоштасу», «Оралу», «Тозақ оттары», «Ақиқат» атты төрт әңгіме және «Қонақтар», «Бас сүйек» хикаяттары енген. Автор оларда өнер мен ғылымның адамгершілік мәселелерін көтереді. «Әкемен қоштасу» әңгімесі ғасыр басынан бүгінгі күнге дейінгі ауқымды кезеңді қамтиды. Кейіпкердің өмірбаяны кеңестік адам тұлғасының қалыптасуын көрсетті. «Ақиқат» әңгімесі философиялық сипаттағы шығарма. Жазушының әңгімелері түрлі өмірлік жағдайларға құрылған. Төлен Әбдіковтың кітаптарымен КММ «Шахтинская ОКЖ» https://shahtinsklib.kz/kk/Odna-strana-odna-kniga-2023-Tolen-Abdikov сайтынан таба аласыздар.