Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Абырой, парыз және ерлік!» баспасөз шолу


    15 ақпанда Шахан кентінің отбасылық оқудың модельді кітапханасы әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Абырой, парыз және ерлік» атты баспасөз шолуын өткізді. Іс-шараның мақсаты: интернационалист-жауынгерлердің жеке мысалдарында азаматтық пен патриотизмді, парыз, жауапкершілік, батылдық сезімін тәрбиелеу, өткен ғасыр тарихына қызығушылықты дамыту, аға буынға құрмет көрсетуге баулу, интернационалист-жауынгерлердің поэтикалық және ән мұрасын рухани байыту. Іс-шара Ауғанстаннан әскерлер шығарылуының 34 жылдығына арналған. Кітапханашы Ауғанстанға әскерлердің енгізілу себептері және оның ұзақтығы, Кеңес әскерлерінің орны толмас шығындары, кеңес жауынгерлерінің батылдығы мен ерлігі, соғысуға тура келген қиын жағдайлар және кеңес жауынгерлерінің жергілікті тұрғындарға көрсеткен көмегі туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Шахтинский вестник» газетінің мақалалары көрсетілді. Соғыс туралы айту қиын, бірақ осы соғысты, қайтып оралмаған батырларды және жүрегі жара болып келген сарбаздарды ұмытуға біздің құқығымыз жоқ.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida