22 ақпан күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасың оқу залының кітапханашысы Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлы жайында әлеуметтік желілерінде видео форматындағы іс-шарасын жариялады.
Кітапханашы бұл шарада халық мүддесін бар өміріне мұрат еткен ұлы күрескердің ерлік көрсеткен, қиын-қыстау заманның қыспағынан қымсынбай, ащы шындығымен, асқақ романтикасымен бейнелеп кеткен ақындар мен жазушылардың қажырлы еңбектерінің нәтижесі қазақ әдебиеті тарихындағы Сырым Датұлы бейнесінің айқын үлгісі екенін атап өтті.
Әдеби портрет барысында тарихи ірі тұлға жайында нақты әрі толығырақ ақпарат берілді.