Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Қош келдің, Наурыз» мерекелік бағдарлама


    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында орталық кітапхананың оқу залында музыкалық мектеп және қалалық Мәдениет Үйі қызметкерлерімен бірлесіп, №3 ЖББМ мен Шахтинск технологиялық колледжінің студенттерінің қатысуымен мерекелік бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында келген қонақтарға мереке тарихы түсіндіріліп, ән айтылып, жұмбақ жасырылып, ұлттық ойындар ойнатылды.

    Наурыз, керемет мезгіл – көктем туралы өлеңдер, табиғат құбылыстарын жасырған наурыз жұмбақтар, дәстүрлі «Асық» пен «Қол күрестіру», «Тоғызқұмалақ» ойындарына тоқталып, қатысушыларды байырғы қазақ даласына сапар шеккендей әсерде қалдырды. Наурыз мейрамын көнеден ата-бабамыздың дәстүрі бойынша қалай атап өткендігі жайында  көптеген мәлімет беріліп, Наурыздың қазіргі таңда қалай атап өтіліп жүргендігін естеріне түсірді. Мерекелік кеш жүргізушілердің құттықтау, музыкалық мектеп ұжымы және қалалық Мәдениет Үйі қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталып, келген қонақтар бір-біріне ізгі тілектер тілеп тарасты.

    Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Начало», «Праздник Наурыз», «Наурыз коже», «Асык», «Ұлттық ойындар», «Наурыз – Роза Рымбаева».

    Іс-шараға сәйкес «Қош келдің Наурыз» атты шолу безендірілді.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida