№12 балалар кітапхана – филиалы сіздердің назарларыңызға «Қазақстанның алтын мұрасы» әдеби оқу ұсынады. Іс шараға «Әлихан Бөкейхан мектеп лицейінің» 3«В» сынып оқушылары қатыстысты. Шара басында кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында балалар кіші абоненмент және оқу залындағы кітаптармен танысты. Кітапханашы қазақ халық ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінетіні туралы айтты. «Жамандық неден болады?» ертеңгілікте кітапхана қызметкерлері Қарға, Көгершін, Жылан, Бұғы кейіпкерлерді сомдап, көріністер көрсетті.
Балалар белсенді қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында балалар кітаптарды оқу арқылы өздерінің білімдерін толықтырып, қызығушылықтары артта түсті.
Іс-шараға 19 оқушы қатысты.