Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Ауыр жылдарды еске алу» дөңгелек үстел


    30 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ауыр жылдарды еске алу» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына - №16 кітапхана - филиалы, Новодолинский кенті МҮ КМҚК, «ЖРО» КММ, Қоғамдық келісім кеңесі, Ардагерлер кеңесі, «№11 ЖББМ» КММ 10 сынып оқушылары қатысып, 30 - жылдары Қазақстанға әсер еткен саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдарын талқылады.

     

     

    Іс-шара барысында Карлагпен байланысты тарихи фактілер туралы айтылды. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқандығы, сол қайғылы оқиғалардың тарихи ақиқаты қалпына келтіріліп жатқандығы туралы айтылды. Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, толығымен ақтау керек деген қорытындыға келді. Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына өлкетану бойынша «Ауыр тағдыр» әдебиеттерді қарау ұсынылды.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida