Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Қазақстанның музыкалық мұрасы» атты өнермен кездесу


    Аты аңызға айналған дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына орай №12 балалар кітапхана-филиалы сіздердің назарларыңызға «Қазақстанның музыкалық мұрасы» атты өнермен кездесу ұсынады.

    -Күйші-композитор, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі, ұлттық музыка мектебінің негізін салған Құрманғазы Сағырбайұлы шығармаларында ерлік пен елдікті, еркіндік пен ізгілікті, бостандық пен бақытты, жақсылық пен жарқын болашақты, туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілікті жырлады. Іс шарада Құрманғазы бабамыздың өмірі туралы айтылып, әйгілі «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» және т.б күйлерін атап өттік.

    Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан "Сарыарқа" күйі күйшінің еліне, қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туындының маңыздылығы жайлы кеңінен айтылды. Қазақ халқының мәдениеті туралы кітаптарды « Шахтинск ОКЖ» КММ сайтынан таба аласыз: https://shahtinsklib.kz/kk/childpage_main

     

     

     

     

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida