Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханадағы оқу залының кітапханашысы қыркүйек айында Шахтинск қаласының Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназияның 9 «Б» сыныптың оқушылары үшін «Қандай адамды біз КӨП ОҚЫҒАН деп атаймыз?» деген сабақ-пікірсайыс өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы шақырылған қонақтармен КӨП ОҚЫҒАН адам туралы өз идеяларымен алмасты, көп оқыған және білімді адамның айырмашылығын анықтады. Оқу залының қызметкері оқыған адам болудың неліктен тиімді екендігі туралы, кітаптардың пайдасы туралы, оқудың адамның ойлау қабілетін, қиялын, сауатты сөйлеуін, ой-өрісінің әртүрлілігін дамытуға оң әсері туралы және тағы басқалар туралы айтты. Оқырмандар мен оқу залына келушілер талқылауға белсенді қатысып, әдебиеттерді оқуда өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.