9 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасының кітапханашысы кітапхананың оқырмандарына аранап 9 қыркүйек қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, заңғар жазушы «Әдебиеттің әкіміне» айналған қабырғалы жазушы, шоқтығы биік драматург Әкім Таразидің тоқсанға толған мерейойлы жасына арнап онлайн портретін әлеуметтік желілеріне видео форматында жүктеді.
Аталмыш іс-шарада кітапханашы оқырмандар назарына мерейтойлы жазушы Әшімов Әкім Үртайұлы жайлы толығымен тоқталып, ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында жаңадан топатамадағы кітаптары жайында толық мәлімет берді. Тақырыпқа сай көркем әдебиеттер мен көркемдік материалдардан құралған кітап көрмесі назарларына ұсынды.