13 қыркүйекте ақпараттық мәдениет айлығы аясында №2 ЖББМ 8 "В" сыныбына арналған Шахан кентінің отбасымен оқудың модельді кітапханасында «Туған жеріңді біліп сүю керек» деген кітапхана сабағы өтті.
Кітапханашы кітапхана қонақтарын «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының өлкетану материалдарымен таныстырды, Шахтинск аймағы мен жақын маңдағы кенттер туралы материалды қалай табуға болатынын, Қарлаг, Шахтинск қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері туралы ақпаратты оқуды көрсетті. Оқушылар «Шахтинский вестник» қалалық газетінің электронды мұрағатымен танысты. Содан кейін балалар электронды каталогта әртүрлі тақырыптар бойынша өлкетану мақалаларын іздеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын «Шахтинск - сүйікті қала = Шахтинск – любимый город» және «Шахан – даңқы кеншілердің мекені = Шахан – поселок шахтерской славы» кітаптар тудырды. Алған білімдерін бекіту үшін балаларға «Туған өлке туралы не білеміз» және «Библиоэрудит» викториналары өткізілді. Бұл сабақ оқушылардың ой-өрісін байытты, балалар сайттан өлкетану материалын іздеу дағдыларын алды, «Өлкетану» электронды каталогымен жұмыс істеуді үйренді.