Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Ұлы даланың мұрасы» әдеби портрет


    «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қаламгер, жазушы, драматург, қоғам қайраткері  Төлен Әбдіковтың  №12 балалар кітапхана филиалында «Ұлы даланың мұрасы»  атты әдеби портрет өтті. Іс шараға Санжар Асфендияров  атындағы жалпы білім  беру  мектебінің  7 А сынып  оқушылары қатысты. Іс-шара барысында  кітапханашы Төлен Әбдікұлының  әдеби мұрасымен таныстырды.

     

      

     

    Оқушылар жазушының өмірі мен  «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы»,  «Ақиқат»,  «Қайырсыз жұма»  атты әңгімелер мен повестер жинақтары, «Өліара»,  «Ақшоқыда қыс қатты»  шығармаларымен танысып, сондай-ақ жазушының әңгіме жайлы айтқан пікірін видеодан тыңдады. Сюжеттік мағынасын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Іс шара соңында балалар үлкен абонемент не екенін біліп, жас ерекшеліктеріне сай кітаптар мен журналдармен танысты. Сонымен қатар динозаврлар, жануарлар мен ғарыштар туралы түрлі түсті  энциклопедиялық басылымдар мен көркем сөздіктерге  қызығушылық танытты. Іс-шара өте танымды, қызықты, пайдалы өтті.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida