Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы C.Асфендияров атындағы мектебінің 10-сынып оқушыларымен кітапхананың ақпараттық ресурстары мен білімдерін байқау мақсатында оқушылардың білім, біліктері үшін өте маңызды болып саналатын және оны мәнін айшықтау, оқырмандардың ақпараттық білімдерін тереңдете отырып, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу және таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын одан әрі дамыту және ұштау үшін кітапханалық ойын сабағын өткізді.
Аталмыш іс-шара 8 бөлім (белестен) тұрып, ойынға қатысушылар арасында бәсекелестікті арттыра түсіп, оқушылардың өздеріне де практика жүзінде мүмкіндіктерін байқау көруге ынталандыра білді. Сайыс қорытындысы бойынша жетондар саны бойынша 23 балмен 1 орынды Назар Айсара, 2 орынды 22 балмен Шайзанда есенкелді, 3 орынды 15 балмен Октябірқызы Айнұр және қатысқаны үшін 12 балл жинаған Ермаханова Жанат марапаттау қағазы беріліп, сыйлықтар сыйланды.