Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Өлкетану экскурсиясы: тарих беттерін парақтай отырып» әңгіме


    № 16 кітапхана - филиалының қызметкері №11 ЖББМ 11 сынып оқушылары үшін «Өлкетану экскурсиясы: тарих беттерін парақтай отырып» әңгіме өткізді. Іс-шара барысында Карлагтың пайда болу тарихы, оның қабырғаларында не болып жатқаны, адамдардың ерекше төзімділігі және қатал кезеңнен өткен адамдардың адалдығы туралы айтылды.

     

     

    Оның тұтқындары ірі басшылар, қарапайым адамдар, әйелдер, балалар болды. Шығармашылық зиялы қауым - ақындар, суретшілер, жазушылар, мүсіншілер, олар тіпті тікенді сымның артында да өзінің шығармашылығын тоқтатпай жазып жасай берді. Суретшілер - Ирина Борхман, Алла Васильева және басқалар туралы айтылды, олар табиғатты, тұрмыстық эскиздерді, басқа тұтқындардың портреттерін бейнеледі. Карлагтың ішінде заңсыз айыпталған және атылған қазақстандық зиялы қауымның тұлғалары туралы айтылды. Сондай-ақ, «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтының «Өлкетану» беті туралы айтылды. Іс-шара барысында бейне және фотолар қолданылды. Оқушылардың назарына Карлаг туралы әдебиеттермен бірге «Өлкетану 3D» кітап көрмесі ұсынылды.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida