2023 жылдың 8 қарашасы күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханашысы тарихта аты қалған лауазымды тұлға, биылғы жылы туылғанына 125 жыл толып отырған Шәбден Ералиев жайында тарихи сағатын кітапхананың әлеуметтік желілерінде видео түрінде жариялады.
Аталмыш видео желісінде ғаламат тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығы барынша баян етіліп, қызығушылықты арттыра түсуге тың деректер айтылды, оқырмандардың өлкетану бойынша тұлғалар жөніндегі таным-түсінігін ұлғайтты деген сенімдеміз.