Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай №12 балалар кітапхана-филиалы сіздердің назарларыңызға «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты online-викторина ұсынады.
Викторина 3 бөлімнен, әр кезең 5 сұрақтан тұрады. 1 кезеңде «Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтарға жауап беру. 2кезеңде «Қаншалықты білемін» сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдеріңізді тексере аласыздар. 3 кезеңде «Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру керек.
Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық,бақыт, үйлеріңізге жылулық пен жайлылық, отбасыларыңызға береке тілейміз!
Викториналар туралы ақпаратты "Шахтинск ОКЖ КММ" сайтында балаларға арналған парақшалар бөлімінен табуға болады. https://www.shahtinsklib.kz/kk/Viktorini/