24 қаңтарда Шахан кентінің отбасымен оқудың модельді кітапханасы өзінің жас достарын әлеуметтік желілерде Ленинградтың фашистік блокададан азат етілуінің 80 жылдығына арналған «Ғасыр бойы жүректі ауыртқан ерлікті есте сақтааймыз» сағатына шақырды.
Кітапханашы сол кездегі тарихи оқиғалар туралы айтып берді. Ленинград шайқасындағы қазақстандықтардың қатысуына ерекше назар аударылды. Іс-шарада Жамбыл Жабаевтың «Ленинградцы, дети мои!» әйгілі поэмасынан үзінді айтылды. Балаларды «Шахтинск ОКЖ» КММ құрастырған «Үлкен соғыстың кішкентай батырлары» библиографиялық құралымен таныстырды. Оқу құралына блокададан аман қалған және кейін Шахтинск қаласында тұрған балалардың өмірбаяны мен куәліктері енгізілген. Кітапханашы қаланы азат еткен сарбаздардың ерлігі мен батылдығын және блокаданың барлық қиындықтарын өз мойнына алған қарапайым адамдардың төзімділігін әрдайым есте сақталсын деген тілек білдірді.