2024 жылдың 28 ақпанында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының оқу залының қызметкері Е.Бөкетов атындағы мектептің 10 "А"-сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелік бағдарлама» атты ақпараттық сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихына кеңінен тоқталды.
Ол сыбайлас жемқорлықтың негізгі стимулы және басты тосқауылының неде екенін және сыбайлас жемқорлыққа жол берген елде қоғамды қандай зардаптар күтіп тұрғанын айтты. Одан кейін сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарымен танысу ұсынылды. Сонымен қатар кітапханашы тапсырма орындауды да ұсынды: фильмдердегі барлық атақты сөз тіркестерін жалғастыру, сыбайлас жемқорлыққа, заңға және басқа да адами қарым-қатынастарға қатысты нақыл сөздерді есте сақтау мақсатында оқылып, қайталау орын алды.