№12 кітапхана-филиалы оқырмандар үшін «Үйіңізге тыныштық» викториналық ойынын өткізді.
Шара барысында жүргізуші қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне тоқталып. Балалар екі топқа бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берді, білімдерін көрсетті. «Кім тапқыр?» сайысында ауыстырылған сөздерді дұрыс құрастырды. «Көршісін тап» ойынында балалар мақал мәтелді жалғастырды. Қазақтың ұлттық ойындары «Тақия тастамақ», «Сиқырлы таяқша» әр ойыншы ортаға шығып, ереже бойынша ойнады,жеңілген балалар өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында Қара жорға биімен аяқталды. Балалар белсенді қатысып, ұлттық ойындарға үлкен қызығушылық танытты.