Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Сайт бойынша көңілді саяхат» кітапхана сабағы


    Балалар кітабы апталығы аясында №2 ЖББМ 3 «В» сынып оқушыларына «Сайт бойынша көңілді саяхат» атты кітапхана сабағы өткізілді. Кітапханашы «Шахтинск ОКЖ» КММ сайты туралы айтып, оқырмандарға ұсынылатын бөлімдермен және қызметтермен таныстырды.

        

    Сайттың «Балалар парақшасына» басты назар аударылды, онда балалар үшін «Танысайық», «Кітап сөресі», «Журнал патшалығы» және т.б. қызықты айдарлар бар. «Бірге ойнаймыз» бөлімінде балалар виртуалды пазлдарды жинады.

    Балаларды «Викториналар» және «Кроссвордтар» бөлімдері қызықтырды, онда сіз білімнің әртүрлі салаларында өз тапқырлығыңызды, және эрудицияңызды көрсете аласыз. «Электронды каталог» балалардың қызығушылығын тудырды. Жас оқырмандар бірнеше практикалық тапсырмаларды орындады - берілген кітаптың кітапханада бар-жоғын білді, нақты жазушылардың кітаптарын тапты, авторды кітаптың атауы бойынша анықтады. Балаларға сабақ ұнады, көп нәрсені үйренді, «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында қаншалықты қызықты және пайдалы ақпарат бар екенін білді.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida